Әлеумет

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау дерегі бойынша 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалған

Қазақстанда биыл медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау дерегі бойынша 50-ге жуық қылмыстық іс тіркелді.

дәрігер

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл дәрігерлерге күш қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Тиісті норма сәуір айында күшіне енген.

Қылмыстық кодекске енгізілген 380-3-бап медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері қызметтік міндетін атқару кезінде оларға күш көрсету немесе қоқан-лоқы жасау әрекеттері үшін жаза қарастырады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: дәрігер
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз