Әлеумет

Қазақстанда вице-президенттер мен бірқатар лауазымды тұлға Ұлттық пантеонға жерленеді

Қазақстан үкіметі Ұлттық пантеонда жерленуге құқығы бар тұлғалар тізімін кеңейтті.

Ұлттық пантеон

Жаңа тәртіп бойынша, бұл санатқа вице-президенттер мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары да енгізілді.

Үкімет қаулысына сәйкес, Ұлттық пантеонға бұған қоса премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, Құрылтай төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы мен орынбасарлары, Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар мен мемлекеттік кеңесшілер жерленеді.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылары, Конституциялық кеңес пен Конституциялық сот, Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары да осы тізімге енген.

Ал министрлер, Президентке тікелей бағынатын әрі есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері де Ұлттық пантеонда жерлене алады.

4 қарашада қабылданған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз