Без Категории

Қазақстанда жыл басынан бері 236 адам суға кеткен

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, жаз маусымы басталғалы Қазақстанда 236 адам (былтыр 211 адам) суға кеткен.

Қазақстанда жыл басынан бері 236 адам суға кеткен

Олардың 82-сі – бала (былтыр 62 бала).

Комитеттің дерегінше, қайтыс болғандардың көбі мас күйінде суға түскен мен тыйым салынған жерлерге шомылған. Ал суға кеткен балаларды ата-анасы қараусыз қалдырған.

Ведомства ата-аналар балалары су қоймаларының, арықтардың және каналдардың маңында жүргенде оларды көзден таса қылмай, қарауды ескертеді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз