Экономика

Қазақстандағы қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек – Тоқаев

Бүгін әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керек екенін айтты, деп хабарлайды Жас Алаш.

Қазақстандағы қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек – Тоқаев

«Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды екеніне тоқталды.

«Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Ал, бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр.

Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады», — деді ол.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз