Қазақстандағы сөз бостандығы Өзбекстан мен Қырғызстаннан төмендеп қалды
Жақында халқаралық «Шекарасыз тілішілер» ұйымы (RSF)баспасөз еркіндігі индексін жариялады.
Сол жердегі деректерге сәйкес БАҚ-тыңсөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 157 орынды алған. Біздіңалдымызға Өзбекстан, Түркия сынды елдер шықты.
Пікір мен сөз бостандығы бойынша көшбастап келе жатқан Норвегия, Финляндия, Дания болса, ең соңғы қатарда Эритрея,Түркіменстан және Солтүстік Корея елдері тұр. Латвия 22 орында тұрақтап, постсоветтік елдер ішінде бірінші орынғашықты. Литва-28, Грузия-60, Армения-61, Қырғызстан-82 орында тұр.
«2019 жылы өткенпрезидент сайлауы елді демократиялық өзгерістерге бастайтын сынды еді;белсенділер әр түрлі наразылық шараларын өткізіп жататын, онлайн-жаңалықтардыңсапасы жақсарып, оқылымы көбейген-ді. Ал билік аз-кем жұмсарып, өзініңөзгеріске дайын екенін көрсеткісі келгендей еді. Алайда, соған қарамастан билік өзініңрепрессияларын жалғастырып келеді. Анығын айтсақ интернет билік бақылауында,және ол жерде аңду жүріп жатыр. Ақпараттық сайттар, әлеуметтік желі, жәнемессенджерлер жиі бұғатталып жатады. Осы кезде блогерлер түрмеге қамалып,психиатриалық клиникаға жатқызылуда» делінген RSF-тің ресми сайтында.
Естеріңізде болсаөткен аптада Қазақстан бойынша белсенділерді жаппай ұстау байқалған. Бұл жайында «Жас Алаш» жазды.
Былтыр БҰҰ-дағы АҚШделлегациясы атышулы 174(әлеуметтік, ұлт аралық, әулеттік, нәсілдік, немеседіни алауыздықты қоздыру) және 274(Көрінеу жалған ақпара тарату) баптарды алып тастауға кеңес берген. «БиліккеТоқаев келген соң оң өзгерістер күтіліп, бұл баптар алынады» деп болжанған.Бірақ қос бап та әлі күшін жойған жоқ. Бұған байланысты бізге сұхбат бергенқұқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина «бұл баптарды Тоқаевтың алып тастаймын депайтса да әлі жұмыс істеп келе жатқанын, карантин біткен соң бұл мәселеменайналысатындарын» айтқан-ды.
Ақпарат және коммуникация министірі ДәуренАбаев бұл көрсеткіштермен келіспейді, және объективті шындықты көрсетпейді депсанайды.
«Мен бізде бәрікеремет және көш алдында болуымыз керек демеймін. Бірақ біздің қазіргітұрақтаған орнымыз объективті шындықты көрсетпейді. Қазақстанда жұмыс істепжатқан көптеген шетелдік фондтар мұны мойындайды. Қазақстанда шетелдік ондағанжурналисттер акредитацияланған. Меніңше оларға біздің алдымызда тұрған елдергеқарағанда Қазақстанда жұмыс істеген әлдеқайда ыңғайлы» деді ол.
Сонымен қатарминистр бізден бір саты жоғары тұрған Өзбекстанға байланысты пікірін білдірді.Оның айтуынша Өзбекстан жаңадан қабылдап жатқан заңдар Қазақстанда бұрыннанбар.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық Humanrights wach ұйымының Еуропа мен Орталық Азиядағы директоры Хью УильямсонҚазақстанда «карантин режимін бұзды» деп ұсталып жатқан адамдарыға алаңдаушылықбілдірді. Оның айтуынша басқа елдер түрмеден адамдарын босатып жатқандаҚазақстанның керісінше жұмыс істеуі түсініксіз екен.
Жалпы, біздіңелдегі қоғамдық белсенділік пен БАҚ арасындағы бір-бірінен алшақтық айқынкөрініп қалып жатады. Мемлекет қаржылайқолдайтын медиа маңызды тақырыптардан барынша қашқақтайды. Қамаулар мен митингіөтіп жатқан жерден ақпарат таратып жүрген тәуелсіз басылым журналистеріұсталып, немесе шабуылға ұшырап жатты. Әлеуметтік желі қолданушылары өз ойынбілдіруде бір серпіліс танытқандай болады.
Жалпылама айтқанда, елдегісөз бостандығының жағдайын транзиттідесе болады. Жылдың алғашқы жартысындағы қудалаулар келесі жартыжылдықта бәсеңдегендейболып, жылдың соңына барлығы саябырсыды.
Міне, біздегі сөзбостандығының сиқы осындай...
Думан Терлікбай