Әлеумет

ҚазҰУ-де тағы бір бірінші курс студенті қаза тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болғанын ресми түрде растады.

Қазұу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болғанын ресми түрде растады. 

Университет әкімшілігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ҚазҰУ өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесіне байланысты қайғылы оқиғаның мән-жайы мен студенттің нақты неден қайтыс болғаны әзірге жарияланбайды.

Университет басшылығы оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеу үшін полицияға толық қолдау көрсетіп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде студенттердің қатысуымен түнде болған оқиға туралы түрлі ақпарат тараған. Атап айтқанда, студенттер арасында төбелес болғаны немесе жас жігіттің өзіне қол жұмсауы мүмкін екені айтылған.

Алайда бұл болжамдардың ешқайсысы әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ҚазҰУ
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз