Әлеумет

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылды: жүргізуші қаза тапты

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылды: жүргізуші қаза тапты

жол апаты

Теміртауда жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Рөлде отырған 64 жастағы жүргізушінің кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Полиция мәліметінше, жүргізуші бағыт бойынша келе жатқанда өзін жайсыз сезінген. Ол есінен танып қалғаннан кейін автобус басқарудан шығып, тротуарға көтеріліп, ағашқа соғылған.

Жолаушылар жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

"Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: жол апаты
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз