Әлеумет

Құрбан айт: Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді

АлматыдаҚұрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді. Қалалық бас санитар дәрігердің 2020жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес, Алматыға кіре берісте қалағажануарларды әкелудің жолын кесу үшін бекеттер қойылады.

Құрбан айт: Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді

«Жануарларды тасымалдауы мүмкінжүк көліктері, автомобильдер тоқтатылады. Осыған байланысты біз азаматтардысаналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен коронавирус инфекциясыныңтаралмауына  бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз», – дедіАлматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Айтакетейік, Алматыда 10 965 тұрғын COVID-19 жұқтырды. 6 693 науқас дертіненайықты, 73 адам қайтыс болды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз