Оқиғалар

Құс тұмауы: ауру құстардың еті дүкен сөрелерінен шықпасына кім кепіл? (видео)

Еліміздің солтүстік өңірлерінде «H5N8» вирусынан қырылған құстардың саны жарты миллионға жетті.

Құс тұмауы: ауру құстардың еті дүкен сөрелерінен шықпасына кім кепіл? (видео)

Тағы осыншасы аурудың алдын алу үшін жойылады. Мәселен, Қостанай облысында жеке сектордағы арам қатқан үй құстарының саны 3 мыңнан асқан. Бірнеше ауылдар карантинге жабылып, фабрикаларда жаппай дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Жас алаш» Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Осы ретте елімізде құс еті мен жұмыртқаның бағасы көтеріле ме? Ауру қанаттылардың еті дүкен сөрелерінен бірақ шықпасына кім кепіл?

Айналасы он күннің ішінде солтүстік аймақтардан басталып, оңтүстікке бір ақ жеткен құс тұмауынан арам қатқан құстардың саны күн санап көбейіп келеді. Ет, жұмыртқа өндіретін фабрикалардағы тауықтар мен балапандарды қынадай қырған кесел енді үй құстарына да жұға бастаған. Осы ретте бір ғана Қостанай облысының 4 ауданы карантинге жабылыпты.

Бауыржан Бекет, Қостанай облыстық әкімдігінің Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

— Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай облысының аумағында жеке секторларда барлық өлген құстың саны 3284 басты құрайды. Біздің көрсеткішті көтеріп жіберіп отырған жалғыз шаруашылық болып отыр. Соңғы мәлімет бойынша «Агроинтерптицада» өлген құстың саны 296446 бас. Ал, енді жеке сектор екеуін қосатын болсақ 299 730 бас.

Аулада жүрген құстарға аяқ астынан індет жабысқанда тұрғындар не істерін білмей дал болған. Бірі, өздігінен қанаттыларды емдеуге тырысыпты. Ал, кейбірі бірден ветеринарлық дәрігерлерге хабарлаған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз