Саясат

Қырғыз парламенті: Кеткен президенттер саясатқа араласпасын

Қырғызстан парламенті экс-президенттердің дербес құқықтарын алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады.

Қырғыз парламенті: Кеткен президенттер саясатқа араласпасын

Бұрынғы басшылардың абсолютті дербес құқығын алып тастау туралы заң дауысқа түскенде депутаттардың басым бөлігі қолдап шықты. Жогорку Кенеш бұл заңды үшінші оқылымда қабылдаған. Қазір мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасай отырып Zhasalash.kz хабарлайды.

120 депутаттың 111-і қолдап шыққан бұл заң дауысқа түскенде тек үш депутат қарсы шыққан, қалған алтауы отырыс залында болмаған. Осыны ескерсек, Қырғыз парламенті бұл заңды түгелдей қолдап шықты деуге де болады.

«ҚР президентінің қызметіне кепілдік беру» туралы заңға өзгеріс енгізу туралы ұсынысты Жогоргу Кенеш депутаты Исхак Масалиев пен Курманкул Зулушев айтқан. Өзгерістің ішіндегі негізгі пункті — президенттің қызметінен кеткеннен кейін заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуын бекіту.

Дегенмен, екіншіоқылымда-ақ депутаттар өзгертілген нұсқа ұсынды. Бұл жаңа нұсқа бойынша, кеткенпрезидент қана емес, қызметін атқарып отырған президенттің де үстінен іс қозғап,прокурор тарапынан айып тағылуы мүмкін.

Заң жобасы тағыбір нормамен толықты: Президенттік посттан кеткеннен кейін бұрынғы президенттіңсаясатпен айналысуға, мемлекеттік билік органдарында арнайы қызметтер атқаруға,саяси партиялардың жетекшілік қызметтерінде болуға немесе саяси партиялардыңәрекетіне басқалай жолмен қатысуға құқығы болмайды.

Егер бұл заңға атүсті қарап, бағынбайтын болса оған берілетін өзге кепілдіктер тоқтатылып, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін материалдық және өзге де көмектерден айырылады.

Қазір құжат елпрезиденті Сооронбай Жээнбековтің қол қоюына ұсынылды.

Айта кету керек, Қырғызстан халқы қазір экс-президент ретінде екі-ақ адымды – Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаевты ғана атайды. Мемлекетті басқарған Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев тақтан құлатылып, елден қашып кеткеннен кейін бұл статустан айрылған.

Экс-президентАтамбаевтың жақтастары мен мүдделестері, жақын адамдары ол президенттікқызметтен кеткеннен кейін қудалана бастады. Жээнбеков келген соң бұрынғыпрезиденттің жақтастары сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталуда.

Егер жаңа заңжобасы президент тарапынан бекітілетін болса, онда Атамбаевтың үстінен де ісқозғалуы мүмкін. Бұл туралы Коопсуздук кеңешинин хатшысы Дамир Сагынбаевхабарлаған болатын.

Фотолар ашық интернет көздерінен алынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз