Қырғызстанда 101 жастағы қария коронавирустан жазылды
Қырғызстанда коронавирустан жазылғандар қатарында 101 және 80 жастағы екі қария да бар.
Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"Бұл медицина қызметкерлерінің күш-жігері мен еңбегінің нәтижесі деп айтуға болады" деді министрлік өкілі Айнур Акматова 3 тамыз күнгі брифинг кезінде.
Қырғызстанда барлығы 37 129 адамға коронавирус жұққан. 27 927 адам айыққан. 1420 адам қайтыс болған. Қазір ауруханада 7 792 науқас емделіп жатыр. Олардың ең көбі Бішкек пен Ош қалаларында жатыр.
Қырғызстан шілде айының ортасынан бастап Covid жұққандар (U07.1) мен белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.2) шалдыққандарды бірге есептей бастаған.