Без Категории

Қырғызстанда жарты жыл ішінде 118 қыз алып қашу фактісі тіркелген

2019 жылдың алғашқы алты айында Қырғызстанда 118 қыз алып қашу фактісі тіркелген.

Қырғызстанда жарты жыл ішінде 118 қыз алып қашу фактісі тіркелген

Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің өкілі Улан Рысбеков Бішкекте 2 тамызда өткен жиында айтты.

"2019 жылдың соңғы алты айында қыз алып қашу фактілері бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды, 94 жағдайда қызды некеге тұру мақсатында алып қашқан, 12 жағдайда қызды некеге тұруға мәжбүрлеген. Істердің басым бөлігі сотқа жіберілді" деді Рысбеков.

ІІМ дерегінше, қыз алып қашу қаладан гөрі ауылдарда жиі кездеседі. БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша есебіне сәйкес, Қырғызстандағы отбасылардың 20 пайызы алып қашу нәтижесінде құрылған.

Елдің жаңа қылмыстық кодексінде қалыңдықты алып қашу қылмысы үшін жаза қатаңдатылған — айыпталушылар бес пен 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған қоса, кәмелетке толмағандарды некеге тұруға мәжбүрлеген адамдарға 200 мың сом (шамамен 2800 доллар) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Қарай отырыңыз: Қыз алып қашу: қылмыс па әлде дәстүр ме? (Шілде айы, 2018 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр? please wait Embed Бөлісіңіз
Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29375715.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00 Жүктеп алу <p />
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз