«Қытай экспансиясына қарсымыз!»
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қытай экспансиясына қарсы бейбіт митинг басталды.
24.kg хабарлауынша Ала-Тоо алаңына жүз адам жиналған.Халықтың басты талабы – қытайларға Қырғызстан азаматтығын беруде мораторий жариялау. Сондай-ақ, наразы топ билік өкілдерінің алдарына келуін талап етіп отыр.2018 жылдың желтоқсан айынан бері Қырғызстан халқы заңсыз қытайлық мигранттарды елден шығаруды талап етіп, акция өткізіп келеді. «Кыргыз чоролору» қозғалысының мүшелері "егер билік айналыспаса, біз өзіміз айналысамыз!" деп мәлімдеген.Қырғыз халқының талабы ескерусіз қалып жатқан жоқ. Миграция қызметінің төраға орынбасары Самат ТОКТОБОЛОТОВ парламенттің шетелдік жұмыс күшіне талапты күшейтетін заң жобасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді.Оның сөзінше, қазір шетелдіктерге елде жұмыс істеуге рұқсат ету құны 2 мың сом (30 доллар), ал жаңа заң жобасы бұл тарифті 30 мың сомға көтеруді қарастыруда. Мұнан бөлек, Токтоболотов кәсіпорындарда шетелдік жұмыс күшінің саны 20 пайыздан аспау керектігі көрсетіледі дейді.Фото: sputnik.kg