Без Категории

Қытайда карантиндегі адамдар жатқан отель қирады

7 наурызда Қытайдың Цюаньчжоу қаласындағы бес қабатты қонақүй қирап, ондаған адам үйінді астында қалды.

Қытайда карантиндегі адамдар жатқан отель қирады

Бұл отельде Covid-19 вирусын жұқтырған адамдардың жанында болғандар карантинде жатқан.

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары апаттан төрт адам қаза болғанын, үйінді астында қалған 70 адамның 38-і құтқарылғанын 29 адам әлі табылмағанын хабарлады. Интернетте тараған видеода құтқарушылардың үйінді астынан адамдарды іздеп жатқаны көрінеді. Қонақүйдің қирауына не себеп болғаны белгісіз.

80 бөлмесі бар қонақүй 2018 жылы ашылғаны хабарланды.

6 наурыздағы дерек бойынша, Цюаньчжоу қаласы орналасқан Фуцзянь провинциясында 296 адам вирус жұқтырған. 10819 адам карантинде жатыр.

7 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 102 мыңнан астам адамнан Covid-19 вирусы табылған. 3400 астам адам көз жұмса, 57 мың адам дерттен айыққан.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз