Без Категории

Қызылорда облысындағы Тоқпан көлі шектен тыс ластанғаны анықталды

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Тоқпан көлінде сұйытылған оттегінің мөлшері шектен асып кеткені анықталды.

Қызылорда облысындағы Тоқпан көлі шектен тыс ластанғаны анықталды

Бұл туралы 9 қыркүйекте "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын ақпаратында зертханалық қорытынды бойынша, бір литр судағы сұйық оттегінің мөлшері 1,67-2,88 миллиграмм болғаны айтылған. "Казгидрометтің" хабарлауынша, бұл көрсеткіш 0-ден 2 миллиграмм болса су ластанған болып саналады.

Көлдің солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігінен алынған судың физикалық-химиялық құрамын зерттеу 22 көрсеткіш бойынша жүргізілген. "Өзге өлшемдер бойынша ауытқушылық байқалған жоқ" деп хабарлады "Казгидромет".

Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 4 қыркүйекте Арал ауданындағы Тоқпан көлінде балық қырылғаны туралы хабарлаған.

"6,4 тонна өлген балық жиналды. Олардың 96 пайызы – табан балығының шабақтары, қалғаны – торта, қылыш балық, сазан және көксерке балықтарының шабақтары" деп хабарлаған министрлік.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде жаппай қырылған 185 келі мөңке балық табылған.

2018 жылғы желтоқсанда Жайық өзенінде 9 тонна тонна балықтың хлордың әсерінен қырылғаны анықталып, "Атырау су арнасы" коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнының бұрынғы басшыларына айып тағылған.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз