Без Категории

Ресей және Солтүстік Корея жалған ақпаратпен бірігіп күреспек

Ресейдің ТАСС агенттігі және Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньянда әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды.

Ресей және Солтүстік Корея жалған ақпаратпен бірігіп күреспек

Екі агенттік жалған ақпаратпен күреске басымдық беруге келісті.

"Ақпарат саласында деректердің бұрмалануын жиі байқап жүрміз, жалған ақпаратпен күресуіміз қажет" деді Кореяның орталық телеграф агенттігінің бас директоры Ким Чан Гван.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаментінің директоры Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары "Вашингтон мен Пхеньян арасындағы дау бойынша Солтүстік Кореяның позициясын шынайы және объективті жеткізеді" деп айтқан.

Пхеньянға барған Ресей делегациясының құрамында "Роспечать" басшысы Михаил Сеславинский, Бірінші арна басшысы Константин Эрнст, ТАСС агенттігінің өкілдері Сергей Михайлов, Михаил Гусман және Марат Абулхатин болған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз