Без Категории

Ресейде 2300-ден астам науқастың жағдайы ауыр

Ресейде коронавирус жұққан 2300-ден астам науқастың жағдайы ауыр, 1300-ден астамы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ресейде 2300-ден астам науқастың жағдайы ауыр

Бұл туралы 22 сәуірде денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко хабарлады. Ресей билігі алғаш рет жағдайы ауыр науқастардың саны туралы айтып отыр.

Министрдің сөзіне қарағанда, COVID-19 ауруына шалдыққан 45 мыңнан астам адам стационарда емделіп жатыр. Олардың 2 мыңнан астамы — бала.

Ресейде шамамен 58 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. Коронавирус жұққандардың басым бөлігі ауруханаға жатқызылған. Үйде шамамен 8 мың адам емделіп жатыр. Науқастардың 40 пайызында ауру белгілері байқалмайды.

Мысалы, Италияда 108 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған, 80 пайызға жуығы үйге оқшауланған, 27 пайызы ғана ауруханаға жатқызылған. Чехияда 5 мыңнан астам адамнан коронавирус табылса, тек 400-і ғана ауруханаға жатқызылған.

Мурашконың айтуынша, Ресейде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдар саны жалпы науқастар санының 1 пайызына жетпейді, бұл әлем бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде 513 адам коронавирустан қайтыс болған.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз