Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:21, 30 Шілде 2024

Ресей азаматтығын алғандардың әскери борышын өтеу мерзімі ұзаруы мүмкін

в
Фото: pixabay

Ресей Мемлекеттік Думасы Ресей азаматтығын алғандардың әскери қызмет мерзімін екі жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.

Сонымен қатар, мигранттардың әскерге шақырылу жасын ұлғайту ұсынылып отыр, бірақ қанша жылға дейін екені нақтыланбаған.

Сондай-ақ Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин әскери тіркеуге және шетелдіктерге қатысты «бастама дайындауды» ұсынып отырғаны айтылған.

«Ресей азаматтығына қабылдау шарты төлқұжат алумен бір мезгілде өтетін әскери тіркеу болуы мүмкін», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қаңтар айында Путин Украинаға соғысуға баратын шетелдіктерге Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Ресейде мигранттарға қарсы рейдтер жиі жүргізіледі: олар базарларда, құрылыс алаңдарында, жатақханаларда, мешіттерде және басқа да қоғамдық орындарда ұсталады. Күзет органдары әскери комиссариат қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырады, оқиға орнында ұсталғандарға шақыру қағазын береді немесе дереу әскери комиссариатқа жеткізеді.

Маусым айында Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин қауіпсіздік күштері жақында Ресей азаматтығын алған және әскери қызметке тіркелмеген 30 мыңнан астам адамды «ұстағандарын» айтты.

Оның айтуынша, ұсталғандардың 10 мыңы майданға жіберілген.