Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:50

 Ресей Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ТМД елдері ішінде ең аз қаражат бөлді

Соғыс ардагері
Фото: Михаил Метцель/ТАСС

9 мамыр — бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі халықтар үшін ерекше күн. Бұл — Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің күні. Алайда жыл өткен сайын майдангерлердің қатары сиреп, тірі қалған санаулы ардагерлердің қоғам алдындағы беделі мен оларға көрсетілер құрметтің деңгейі әр елде әртүрлі сипат алып жатыр.

2025 жылы Ресей Федерациясы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 80 мың рубль (шамамен 400 мың теңге) көлемінде бір реттік төлем беретінін хабарлады. Бұл сома ТМД елдерімен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Мәселен, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан секілді мемлекеттер бұл көрсеткіштен бірнеше есе артық қаражат бөлген.

Орталық Азиядағы сыйақылар

Қазақстан Үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстың 120 ардагеріне 5 миллион теңгеден (шамамен 842 мың рубль) сыйақы береді. Бұл — аймақтағы ең жоғары деңгейдегі әлеуметтік қолдаулардың бірі. Өзбекстан болса, 112 ардагеріне 10 мың АҚШ долларынан үлестірмек. Қырғызстанда нақты ардагерлер саны көрсетілмесе де, әрбіріне 4,8 миллион теңге (936 мың рубль) тең төлем берілетіні мәлім болды.

Бұл елдердегі қолдаудың артуы — мемлекеттің ардагерлер алдындағы парызын сезінуінің және тарихи жадыны сақтау жауапкершілігінің белгісі. Ардагерлердің бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүруі — сол кездегі ерліктің қазіргі ұрпақ тарапынан мойындалуы.

Ресейдегі әркелкілік және символикалық сыйлықтар

Ресейде 9 мамырға орай ардагерлерге берілетін 80 мың рубль — федералдық деңгейде бекітілген төлем. Бірақ өңірлерде бұл сома түрліше өзгереді. Мәселен, Саха Республикасында (Якутия) қалған 9 ардагердің әрқайсысына 2 миллион рубль төленеді. Брянск, Калуга және Самара облыстарында бұл сома 1 миллионға жетсе, Алтай өлкесінде ардагерлерге бар болғаны 5 мың рубль берілмек.

Тағы бір назар аударатын жайт — кейбір өңірлер ақшалай төлемнің орнына символикалық сыйлықтармен шектелуде. Мәселен, Омбы облысында ардагерлерге плед таратылса, Вологдада — жастық пен көрпе берілмек. Ал Мәскеуде сыйлық ретінде колбаса, консерві және тәттілер ұсынылады.

Басқа елдер не беріп жатыр?

Беларусь — 875 ардагеріне 135 мың рубль (шамамен 688 500 теңге) көлемінде төлем жасамақ. Молдовада тірі қалған 25 ардагердің әрқайсысына 30 мың лей (шамамен 714 000 теңге) беріледі. Тәжікстанда бұл көрсеткіш 197 мың рубль (шамамен 1 004 700 теңге) шамасында. Әзербайжан ардагерлеріне 120 мың рубль (шамамен 612 000 теңге) көлемінде қолдау көрсетеді. Түркменстан — бар болғаны 5 мың рубль (шамамен 25 500 теңге) береді.
Армения арнайы төлем жасамайды, бірақ 2020 жылдан бері ардагерлердің зейнетақысына 21 мың рубль (шамамен 107 100 теңге) көлемінде қосымша үстемақы қосылып келеді.