Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 11 Қараша 2024

Ресей Курсктың шабуылына 50 мың әскер жіберді— NYT

1
Фото: David Guttenfelder / The New York Times

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Курск облысына 50 мың әскер жіберген.

 Бұл туралы The New York Times АҚШ пен Украина билігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жақын күндері олар Украина қарулы күштері (ҚҚК) жартылай басып алған Курск облысында кең ауқымды қарсы шабуылды бастайды деп жоспарланған. Бұл ретте КХДР әскерлері Курск қаласының батыс бөлігінде ресейліктермен жауынгерлік жаттығу сабақтарын өтіп жатыр. Дереккөздер аймақта Солтүстік Кореяның 10 мыңнан астам әскери қызметкері бар деп есептейді.

Басылымның мәліметінше, КХДР әскерилері УҚК позицияларына тікелей шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Украиналық шенеуніктің айтуынша, солтүстіккореялық сарбаздар екі топқа бөлінген: олардың бір бөлігі шабуылдаушы бөлімшелердің құрамында болса, қалғандары қайтарылған аудандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тірек бөлімшелерінің құрамында болады.

The Washington Post басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея әскерлері тек Курскіге ғана емес, көршілес Белгород облысына да жіберілген.

Айта кетейік, Украина үкіметі мен оның одақтастары қазан айының соңынан бері Курск аймағына Солтүстік Корея әскерлерінің келуі туралы айтып жатыр.  Солтүстік Корея Ресейге соғысқа қатысу үшін 12 мыңға жуық әскери қызметкерін, оның ішінде 500 офицер мен үш генералды жіберген. Ресей Федерациясы да, КХДР де бұл ақпаратты растаған жоқ.