Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 03 Қыркүйек 2024

Ресей Моңғолияда атом электр станциясын салады

к
Фото: pixabay

Ресей Моңғолияда шағын модульдік атом электр станциясын салады. Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Лихачевтің айтуынша, бірінші кезеңде станцияны ресейлік компания басқаруы мүмкін. Атом электр стансасын Шыңғыс ханның көне астанасының орнына салу жоспарланған.

Сөйтіп, «Росатом» болашақ Жаңа Хархорум қаласын электр қуатымен қамтамасыз етеді

«Көктемде Сочидегі Atomexpo көрмесінде Моңғолияда шағын модульдік атом электр станциясын құру бойынша жол картасына қол қойылды, бұл 220-дан 330 мегаватқа дейін моңғол тарапына іс жүзінде қажет жобаның техникалық нобайы және 2 қыркүйекте Монатоммен, Энергетика министрлігімен, Моңғолия Қауіпсіздік Кеңесімен көп деңгейлі келіссөздер жүргізілді», - деді Лихачев.

«Росатом» басшысы негізгі мәселе кадр мәселесі екенін қосты.