16:12, 11 Қазан 2024
Ресей тұтқынында болған украиналық журналист қаза тапты

Украиналық журналист Виктория Рощина Ресей тұтқынында қайтыс болды. Бір жыл бұрын ол Ресей басып алған Украина аумағында ұрланған және алмасу нәтижесінде үйіне қайтарылуы керек еді.
10 қазан күні 27 жастағы украиналық журналист Виктория Рощинаның 19 қыркүйекте Ресей тұтқынында қаза тапқаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы мен себептері айтылмады.
Виктория Рощина 2023 жылдың тамыз айында Ресей оккупациялаған Запорожье облысы аумағында ұсталған болатын — бірақ Ресей Қорғаныс министрлігі бұл туралы тек тоғыз ай өткен соң ресми түрде хабарлап, журналистің қай жерде екендігін және қандай іс бойынша ұсталғанын нақтыламады.
Жақын арада журналист әскери тұтқындарды алмастыру нәтижесінде Украинаға қайтуы керек болған.