10:43, 07 Мамыр 2024
Ресей Үкіметі отставкаға кетті
Михаил Мишустин басқаратын Ресей үкіметі Президент Владимир Путиннің инаугурациясынан кейін бірден отставкаға кетеді, деп хабаралайды Zhasalash.kz сайты.
Мишустин үкіметі 2020 жылдың 21 қаңтарында Дмитрий Медведев басқарған бұрынғы министрлер кабинеті отставкаға кеткеннен кейін бекітілді.
Оның басты міндеті - ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асыру болады деп есептелді.
Сарапшылар, министрлер кабинетіне келгенге дейін Федералдық салық қызметін басқарған Мишустинді бастапқыда техникалық премьер-министр деп атағанымен, оған шын мәнінде басқа да міндеттер жүктелгенін айтады.
Фото: dzen.ru