Ресейде әскери есепке тұрмағандарды азаматтығынан айыру туралы заң қабылданды
Ресей мемлекеттік думасы егер адам әскери есепке тұрмаса, Ресей азаматтығынан айыру туралы заң қабылдады.
Заң азаматты әскери есеппен тіркеу және Ресей азаматтығын алу процестерін синхрондауды ұсынады. Ол үшін Ішкі істер министрлігі «өздеріне Ресей азаматтығын беру туралы шешім қабылданған» ерлер туралы ақпарат беруі керек.
Сонымен қатар, Мемлекеттік Дума көктемгі сессияның соңына дейін (4 тамыз) Ресей азаматтығын алған азаматтардың әскерде қызмет ету мерзімін екі жылға дейін ұлғайтуды, сондай-ақ олардың әскерге шақырылу жасын (қаншасы нақтыланбаған) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, қаңтар айында Путин Украинаға соғысуға баратын шетелдіктерге Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды.
Ал, маусым айында Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин қауіпсіздік күштері жақында Ресей азаматтығын алған және әскери қызметке тіркелмеген 30 мыңнан астам адамды «ұстағандарын» айтты.