Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 11 Маусым 2024

Ресейде стратегиялық емес ядролық қаруды пайдалану бойынша оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ресей
Фото: REUTERS

Ресейде стратегиялық емес ядролық күштерді пайдалану бойынша оқу-жаттығулардың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы BBC мәлімдеді. 

Ресейлік ақпарат агенттіктерінің Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, қазіргі кезеңде ресейлік және беларусь әскерлері стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдануға «дайындық мәселелерін бірлесе» пысықтауы керек.

Ресей қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу туралы 6 мамырда хабарлады. Бұл бұйрықты президент Владимир Путин берген. Ал, әскери ведомство бұл жаттығу «кейбір батыс шенеуніктерінің Ресей Федерациясына қарсы арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына жауап ретінде» өткізіліп отырғанын айтқан.

Жаттығудың бірінші кезеңі 21 мамырда басталды. Оған «Искандер» кешені мен «Кинжал» гипер дыбыстық зымырандары қатысты. Ал, Беларусь 7 мамырда тактикалық ядролық қару тасығыштарын сынақтан өткізе бастады.

 

Тегтер: