Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 04 Қыркүйек 2024

Ресейдің баллистикалық зымырандармен жасаған соққысынан 53 адам қаза тапты

ц
Фото: Meduza

Украинаның Полтава қаласына жасаған Ресей армиясының соққысынан 53 адам қаза тауып, 298 адам жараланды.

Мұндай мәліметтерді Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі мен ішкі істер министрлігі келтіріп отыр. 25 адам аман қалды. Үйінді астында тағы бес адам қалуы мүмкін.

3 қыркүйек күні Ресей әскері Полтаваны баллистикалық зымырандармен атқылады. Жасалған шабуылдан білім мекемесі мен жақын маңдағы аурухана қираған.