Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:18

Ресейдің Украинаға қарсы соғысында КХДР-дың 300 сарбазы қаза тапты

украина
Фото: из открытых источников

Оңтүстік Корея барлауының мәліметі бойынша, КХДР қаза тапқандардан бөлек, жараланған 2700 сарбазынан айырылған. Украина президенті Зеленский тұтқынға алынған Солтүстік Корея жауынгерлерін КХДР басшысына беруге дайын екенін білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский бір күн бұрын Киевтің екі солтүстік кореялық сарбазды тұтқынға алғанын, жараланған сарбаздардан жауап алу видеосын жариялап, оларды тұтқынға алынған украиналық сарбаздарға айырбастау мүмкіндігі туралы мәселе көтерген болатын.

Зеленский  әлеуметтік желідегі жазбасында: «Украина Ким Чен Ынның сарбаздарын Ресейде тұтқынға алынған біздің сарбаздармен айырбастауды ұйымдастыра алса, қайтаруға дайынбыз» ​​деп жазды. Ол тұтқынға алынған КХДР сарбаздарының көбейетіні сөзсіз екенін атап өтті. «Қайтып келгісі келмейтін Солтүстік Кореяның әскери қызметкерлері үшін басқа нұсқалар ұсынылуы мүмкін», - деп қосты Зеленский.

Зеленский жариялаған видеода солтүстіккореялық екі әскери тұтқыннан жауап алынғаны көрсетілген. Ер адамдардың бірі аудармашы арқылы өзінің Украинада соғысатынын білмегенін, ал оның командирлері «бұл жай ғана жаттығу деп айтқанын» айтады. Аудармада болжамды сарбаздардың бірі КХДР-ға оралғысы келетінін айтады. Екіншісі айтқанның бәрін орындайтынын, бірақ мүмкіндік берілсе, Украинада қалғысы келетінін айтады.

Тегтер: