14:48, 27 Тамыз 2024
Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты
Ресейдің Украинадағы жаңа әуе шабуылдары нәтижесінде бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылым қирады.
Кривой Рогта екі адам қонақүйге жасалған шабуылдың құрбаны болды, бес адам жарақат алғаны белгілі, үйінділер астында адамдар қалуы мүмкін.
Жергілікті билік алты дүкен, төрт көпқабатты үй мен көліктердің зақымданғанын хабарлады.
Запорожье облысында екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды, 30-дан астам үй зардап шеккен.
Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Киевке бет алған оннан астам ұшқышсыз ұшақ пен бірнеше зымыранды жойғанын мәлімдеді.