Саясат

Respublica-дан Мәжіліс мандатын иеленгендер мәлім болды

Respublica төрағасы Айдарбек Қожаназаров Мәжіліс депутаты мандатын иеленген партияластарының тізімін ұсынды, деп хабарлайды Жас Алаш.

Respublica-дан Мәжіліс мандатын иеленгендер мәлім болды

«Бүгін ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды.

Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар — мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары — Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков», — деп жазды партия лидері әлеуметтік желідегі парақшасына.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз