Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 28 Қараша 2024

Reuters: Байден Украинаға жаңа әскери көмек пакетін дайындап жатыр

1
Фото: Джон Мур/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға 725 миллион долларлық әскери көмек пакетін дайындап жатыр.

 Бұл туралы  Вашингтондағы аты аталмаған екі шенеунікке сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттіктің айтуынша, жаңа пакетте танкке қарсы қарулар, миналар, дрондар, снарядтар және оқ-дәрілер бар. Мұның бәрі Ресейдің Украинаның шығысындағы соңғы айларда күшейген шабуылын тежеуге көмектесуі керек.

Жаңа көмек пакетінің мазмұны мен оның мөлшері анықталмады және жақын күндері өзгеруі мүмкін.

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек көрсететінін жариялады

АҚШ Украинаға қосымша 275 миллион долларлық қару-жарақ пен әскери техника пакетін береді. Бұл туралы 20 қарашада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеме жасады. Бұған дейін AP агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Вашингтонның Киевке тағы 275 миллион долларлық әскери көмек көрсету жоспары туралы қосымша ақпарат бермей-ақ жазған болатын.

Украинаға кезекті көмек пакетін бөлу АҚШ президенті Джо Байден 26 қыркүйекте – Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу қарсаңында жариялаған осы елге көмекті кеңейту аясында жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Ол кезде Байден АҚШ Қорғаныс министрлігіне оның әкімшілігі президенттік мерзімі аяқталмай тұрып «Конгресс бөлген қаражатты толығымен пайдалана алуы» үшін Конгресс бекіткен қаражаттан Украинаға 5,5 миллиард доллар көмек бағыттауды бұйырған.

Сол күні, 26 қыркүйекте Ақ үй Пентагон Украинаның қауіпсіздігін қолдау бастамасы аясында Киевке 2,4 миллиард доллар бөлетінін хабарлады.