Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:15, 28 Қараша 2024

Reuters: Украинаға қарай атылған «Орешникте» жарылғыш зат болмаған

Зымыран
Фото: Дмитрий Рогулин/ТАСС

Өткен аптада "Южмашқа" Ресейдің "Орешник" баллистикалық зымыранымен соққы жасалды. Бірақ оның ішінде жарылғыш зат болмаған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

"Зымыранда жарылғыш заттар жоқ болды... Біз күткен жарылыс болған жоқ", - деп хабарлаған басылымға дереккөздерінің бірі.

Басылым бұл Ресей басшылығының соңғы ескерту ретінде зымыран ұшырғанын растайтынын атап өтті. Дереккөздердің бірінің хабарлауынша, зымыран оқу-жаттығу оқтұмсығымен жабдықталған және оқиғадан келтірілген залал аз деп бағаланған. Сонымен қатар, кейбір сарапшылар жарылғыш компоненттері жоқ оқтұмсықты қолдану зымырандарды сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен жабдықтарды орналастыру кеңістігін арттыруға мүмкіндік берді деп санайды.

Владимир Путин арнайы әскери операция аясында "Орешник" зымыран кешені ұрыс жағдайында сәтті сынақтан өткенін айтты. Ресей президентінің айтуынша, бұл Киевтің Вашингтон мен Лондоннан алған Ресей аумағына шабуыл жасау үшін алыс қашықтықтағы ATACMS және Storm Shadow зымырандарын пайдалануға рұқсатына жауап болған.

Жақында Украинадан ATACMS зымырандарының шабуылынан кейін Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің соққыларына жауап дайындап жатқанын хабарлады.

Алдағы уақытта Ресей "Орешник" зымыранымен тағы да соққы жасауы мүмкін деген болжам бар.

Тегтер: