Саясат

Рим Папасы Ватикан губернаторы әйел адам болатынын айтты

Рим Папасы Франциск италиялық ток-шоуда монах Раффаэла Петринидің Ватикан үкіметінің басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

1

Рим Папасы Франциск наурыз айында Ватиканның губернаторы етіп монахиня Раффаэлла Петриниді тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол италиялық «Che tempo che fa» («Ауа райы қандай») ток-шоуында айтты.

2021 жылдан бастап Петрини Ватикан губернаторлығының бас хатшысы қызметін атқарды. Ол архиепископ Фернандо Вергес Альзаганың орнына қала-мемлекет үкіметін басқарады. Ол 2025 жылдың 1 наурызында 80 жасқа толады.

Тегтер: Рим папасы
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз