Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 05 Наурыз 2024

Садыр Жапаров қырғызстандықтарды «Ақ қалпақ» күнімен құттықтады

президент
Фото: nazarnews.org

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қырғыз халқын Ақ қалпақ және ұлттық киім күнімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Жапаров бір ұлттың ұлт болып сақталуы, одан әрі дамуы сол ұлттың тіліне, құндылықтарына, тарихына, мәдениетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Қардай аппақ Асқар тауының бейнесін көрсететін ақ қалпақтан басталатын ұлттық киімдеріміз қырғыз мәдениетінің ең көне, ең мақтаныш, ең маңызды, ең қолайлы элементі екені даусыз. «Ақ қалпақ қырғыз» деп бекер айтылмаса керек. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де әрбір қырғыз баласын ақ қалпақсыз елестету мүмкін емес.

Болашақ бізді ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрімізге, құндылықтарымызға деген көзқарасымызға қарай бағалайтынын ескере отырып, ата-бабамыздың ұлы дәстүрін жалғастыру біздің парызымыз», - деді қырғыз Президенті.

Бұл мереке Қырғызстанда кинорежиссер Ырысбек Жабировтың бастамасымен 2011 жылдан бері тойланып келеді. 2019 жылы ақ қалпақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді.

 

Фото: nazarnews.org