Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:02, 09 Ақпан 2024

Сағынтаевтың күйеубаласы Бақыт Ибрагим бостандыққа шықты

Бақыт Ибрагим
Фото: из открытых источников

Миллиондаған қаражат жымқырған сотталған Qazaq Bankiнің бұрынғы акционері, Сағынтаевтың күйеубаласы Бақыт Ибрагим бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Еске салайық, Бақыт Ибрагим 2018 жылы Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

2020 жылдың қараша айында Бақыт Ибрагим, банкир Жомарт Ертаев және Bank RBK экс-қызметкерлері 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Бақыт Ибрагимнің жаза мерзімін толығымен өтегенін, оның тергеу изоляторында болған мерзімі ескерілгенін хабарлаған.