Индонезияда жезөкшелікке қатысты рейд кезінде қазақстандық азамат ұсталды
Индонезияның Бали аралында заңсыз жезөкшелік қызметіне қатысты рейд барысында Қазақстан азаматы ұсталды.
Жергілікті құқық қорғау органдары рейдті 17 қыркүйек кешке Чангу, Семиньяк және Умалас аудандарында өткізген. Нәтижесінде 12 әйел мен бір ер адам полицияға жеткізілді.
Ұсталғандардың арасында Қазақстан, Ресей, Нигерия және Украина азаматтары бар. Қазақстан азаматы Умалас ауданындағы виллалардың бірінен үш Ресей азаматының қасында ұсталған.
Қазір тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Егер ұсталғандардың заң бұзғаны анықталса, олар Индонезиядан шығарылып, бес жылға елге қайта кіру құқығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр.