09:47, 24 Мамыр 2024
Сахнада әдепсіз сөз айтқан стендап-комик 15 тәулікке қамауға алынады
ҚР Жоғары соты стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылғанын мәлімдеді.
Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, делінген хабарламада.
БАҚ анықтағандай, қамауға алынған адам стенд-апшы Нұрасхан Басқожаев. Ол Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық пен Дубайдағы эскорт-қыздар туралы әзілдеп, Мадлен есімін атаған.
Фото: КазТАГ