Без Категории

Сауд Арабиясының кеніштеріне жасалған шабуылдан соң мұнай қымбаттады

Сауд Арабиясының мұнайына жасалған шабуылдан кейін әлемде мұнай бағасы күрт қымбаттады.

Сауд Арабиясының кеніштеріне жасалған шабуылдан соң мұнай қымбаттады

16 қыркүйекте ашық саудада Brent маркалы мұнай бағасы 19 пайызға қымбаттап, барреліне 71,95 долларға жетті. BBC Business дерегінше, WTI маркалы мұнайы 15 пайызға өсіп, баррелі 63,34 доллар болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Сауд Арабиясының мұнай кеніштеріне шабуылға жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

«Сауд Арабиясының мұнай тасымалдау өндірісі шабуылға ұшырады. Бұл шабуылдың артында кім тұрғанын болжап отырмыз. Егер расталса, дайын отырмыз. Бірақ Сауд Арабиясынан күдікті жайлы ақпарат күтеміз және бірге қалай әрекет ететінімізді шешеміз» деп жазды Трамп Twitter желісінде.

15 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының мұнай өндірісіне жасалған дрон шабуылын" Иранды айыптаған. Әзірге Тегеран бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ.

14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай кеніштеріне дроннан шабуыл жасалған. Осыдан кейін елдегі мұнай өндірісі күніне 5,7 миллион баррельге төмендеп кетті.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз