Қоғам

«Саясатқа араласпаудың да құны бар»: ЖСДП төрт күндік жұмыс аптасы туралы және Құрылтай сайлауы барысын талқылады

2026 жылдың 19 тамызында — Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жаңа Қазақстан: Құрылтай сайлауы – азаматтардың дауысы» атты дөңгелек үстел өткізді. Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы қарсаңында (23 тамызға белгіленген) өткен іс-шараға қоғам белсенділері, ҮЕҰ-ның басшылары, қала тұрғындары мен журналистер қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптары жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, депутаттардың есеп беруі және кірістерді бөлудің қолданыстағы экономикалық моделіне қатысты өткір пікірлер көтерілді.

ЖСДП

Төрт күндік жұмыс аптасына көшу бастамасын талқылау ерекше резонанс тудырды. ЖСДП облыстық филиалының төрағасы Александр Павлов бастаманың қазіргі нұсқасын ерекше талқылауға салды. Оның сөзінше еңбекақыны тек атқарылған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде төлеуді көздейтінін атап өтті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, спикер Қазақстанда жалпы ішкі өнімдегі еңбек ақысының үлесі небәрі 30 пайыз шамасында екенін атап өтті. Дамыған экономикаларда бұл көрсеткіш шамамен екі есе жоғары.

Павловтың бағалауынша, ел экономикасы тапқан әрбір үш теңгенің тек бір теңгесін жалдамалы жұмысшы алады, ал екі теңге капитал иелеріне кетеді. Кездесуде атап өтілгендей, Қазақстанның еңбек өнімділігі бойынша артта қалуы азаматтардың аз жұмыс істейтіндігімен емес, заманауи технологиялардың тапшылығы мен игіліктердің әділетсіз бөлінуімен байланысты. Жұмыс сағатының ұзақтығы бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттерден кем түспейді.

«Қазақстанда шын мәніндегі төрт күндік жұмыс аптасы - табысты төмендетпейді. Бірақ ол жоғарыдан берілетін сыйлық емес, сіз бен біздің ұйымшылдығымыздың нәтижесі болуы тиіс», - деп түйіндеді филиал төрағасы.

Партия өкілдерінің пікірінше, кірістерді әділ бөлуге тек күшті кәсіподақтар, шынайы ұжымдық шарттар және белсенді әрекеттер кезінде ғана қол жеткізуге болады. Ендігі басты міндет - еңбек ақысының үлесін арттыру жөніндегі мемлекеттік уәделердің тек қағаз жүзінде қалып қоюына жол бермеу.Спикер саяси өмірге араласудан бас тартуды «саяси енжарлық салығы» деп атады.

«Бұл салықтың мөлшері - аптасына шамамен бір жұмыс күні. Жылына қырықтан астам күн, бір сөзбен айтқанда өміріңізді сіз жасаған қызметіңіздің үштен екісін онсыз да иеленіп отырғандарға сыйға тартасыз», - деді Павлов жиналғандарға.

Еңбек адамының құқықтарын қорғаумен қатар, іс-шарада ұсынылған социал-демократиялық бағдарламаның өзегін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту талабы құрады. Партия тұрғындардың бақылауындағы бюджет, абаттандыру мәселелеріне қала тұрғындарының тікелей қатысуы және сайланған депутаттардың нақты жауапкершілігі үшін әрекет етеді. Ашық диалогтың қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары қамтылған қарар әзірлену қолға алынды. Филиалдың сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны 21 тамызға дейін жалғасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз