Live

Щучинскідегі өрт қасақана қойылған: ерлі-зайыпты қаза тапты

Щучинск қаласындағы жеке үйден шыққан өрт қасақана қойылуы мүмкін.

Өрт

 Өрт салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапқан. Полиция күдікті ретінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ақмола облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, күдікті тұрғын үйді әдейі өртеген болуы мүмкін.

– Щучинск қаласында екі адамның қаза болуына әкелген өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция әзірге өрт қоюдың ықтимал себебі мен басқа да деректерді жариялаған жоқ.

Бұған дейін Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланған. Жалын 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үй ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің мәйітін тапқан.

Өртті сөндіруге 16 құтқарушы мен төрт техника жұмылдырылған.

Тегтер: Щучинск
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз