Аймақ

Семейде өрттен құтқарылған 4 жасар бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр

Семейде өрттен құтқарылған 4 жасар бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Жас Алаш.

Семейде өрттен құтқарылған 4 жасар бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр

«2 қаңтар күні сағат 17:16-да «112» пультіне Шәкәрім көшесінде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен дереу 2 автоцистерналар мен 1 автошатыр, жеке құрамның 8 адамы жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде 5 қабатта жеке заттар, жиһаздар және терезе блоктары жанып жатқан», — деп көрсетті Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі. Өрттің жалпы ауданы 5 шаршы метр.

Құтқарушылар қабырғаны бұзып, 4 жасар баланы өрттен алып шыққан. Қазір ол ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасында жатыр.  

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз