Семей қаласының өрт сөндірушісі жанып жатқан пәтерден әйел адамды құтқарды
2024 жылдың 3 наурызы күні жергілікті уақыт сағат 18:10-да Безымянная көшесіндегі көпқабатты үйде өрт болды. Өрт сөндірушілерге өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндіру қызметкерлері өрт бөлімшелерінен оқиға орнына келгенде, 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанып соның салдарынан өрт шыққаны анықталды.
Семей қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметкерлерін шақырып солардың қызметіне тапсырды.
Сонымен қатар, ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан құтқару қалпақтарын пайдаланып 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Қазіргі уақытта өрттің шыққан себебі анықталып жатыр.
Өрт болған көп қабатты үй сағат 18.36-да толығымен сөндіріліп бітті.
Өртті сөндіру жұмыстарына барлығы 13 адам және 4 техника жұмылдырылды.
Құрметті тұрғындар өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап жүріңіздер.