Семей көшелерін су басты
Семей қаласында 4 аула аумағы мен 5 көшені су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Оған ауа температурасының көтерілуі мен қардың мол еруі себеп болған.
ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды, делінген хабарламада.
Жұмыстарға ЖАО, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылған.
Фото: orda.kz