«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы қайырымдылық челленджін іске қосты
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы еліміздің тәуелсіздігіне орай және «Игі істер» марафоны аясында «Мейірім сыйла!
» челленджін жариялады.
– Челленджді біз балаларға киім таратудан бастадық. Демеуші кәсіпкерлердің бірі болды. Содан кейін бізді «Ана-Мама» қоғамдық қоры қолдады. Олар 50 отбасына азық-түлік себетін дайындады, біз бірге тараттық. «Ана-Мама» ҚҚ эстафетаны «Бірлік» және «Зекет» қорларына тапсырды. Сонымен, жақсылық тізбекте жүреді. Челлендждің мақсаты – мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, назар аудару. Адамға оның маңызды және қажет екенін көрсету керек, тек тамақтандыру немесе кию ғана емес, оны кез-келген жағдайда қолдау керек. Яғни, жүрегіңіздің мейірімділігімен бөлісу керек. Мысалы, көп балалы отбасылардан шыққан немесе жетім балаларды ойын алаңдарына апаруға болады, – дейді көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова.
Челленджге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол Тәуелсіздік күніне дейін жалғасады.
Көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін +7-778-398-45-03 телефонына қоңырау шалуға немесе Кеншілер даңғылы, 10с мекенжайы бойынша орналасқан «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жүгінуге болады.
Челлендж хештегтері: #Qazaqstan30jyl, #MeninQazaqstanym, #Tauelsizdik, #Тәуелсіздік30жыл.