Қоғам

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды

Полиция Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша тағы бір адамды ұстады.

а

Алматы облысының ПД мәліметінше, 17 қазанда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша тергеу аясында күдікті ретінде тағы бір азамат – К. ұсталды.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары кешені жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған еді.

 

Тегтер: Шерзат Болат
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз