Қоғам

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ішкі істер, есірткі

Тексеру барысында күдіктіден жалпы салмағы шамамен 2 келі мефедрон психотроптық заты, сондай-ақ есірткі заттарын өлшеп-орауға арналған электронды таразы мен zip-lock пакеттері тәркіленді. Сонымен қатар аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясында синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысқан қала тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде әйелден жалпы салмағы 200 грамнан асатын есірткі заты салынған төрт пакет тәркіленді. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз