Қоғам

Шымкентте есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалардың авторы ұсталды

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігітті қылмыс үстінде ұстады.

Полиция

Тексеру кезінде одан өткізуге дайындалған психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаттарымен мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды. Сонымен қатар ұсталған азаматтың қаладағы ғимараттар мен қабырғаларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысқаны белгілі болды.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз