Шымкенттің бас санитарлық дәрігері пара алғаны үшін сотталды
Шымкенттің бас санитарлық дәрігері пара алғаны үшін сотталды.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пара алу ісі бойынша төрт айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Билікті жүзеге асыруға уәкілетті адамның алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобынан ірі мөлшерде пара алу») бойынша айып тағылды.
«Айыпталушылар Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы бола тұра қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Олар 600 мың теңге көлемінде қомақты пара алған», - делінген сот қаулысында.
Прокурор соттан айыпталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады.
Барлық сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.
"Сот Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы Т. ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп татанылды. Ал сотталушы М.-ға Қылмыстық кодекстің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталушы А.-ны Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен айыпты деп тауып, оған 12 миллион теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.