Саясат

ШҚО-да жол құрылысына бөлінген 120 млн теңгеге бірнеше көлік пен элиталы пәтер сатып алынған

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшылары жол құрылысына бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеуге ілінді.

1

Тергеу нұсқасы бойынша, ұрланған сома 120 миллион теңгеден асады.

Тергеу деректері

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер үшеу:

  • ұйымның бұрынғы директоры,

  • оның орынбасары,

  • және бір жеке кәсіпкер.

Бұрынғы директор екі айға қамауға алынған, ал қалған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы жайлы агенттік нақтылама бермеді.

Тергеу мәліметінше, 2022-2023 жылдары «Таза Өскемен» басшылығы қала жолдарын күтіп ұстауға бөлінген бюджеттік ақшаны мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз өздерімен байланысы бар коммерциялық ұйымдарға аударып отырған.

1
За нами уже выехали телеграм арнасы

Схеманың мәні – жалған құжаттар жасау болған. Іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдарға актілер рәсімделген.

Құжаттарда битум мен құм сатып алу, суды айдайтын арнайы техника жалға алу, сондай-ақ әлдеқашан орнатылған 23 аялдама павильонына материал алу туралы жалған деректер көрсетілген.

Осылайша ақшалар жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

1
Фото: За нами уже выехали телеграм арнасы

Ақша қайда кеткен

Тергеу нұсқасына сай, ұрланған 120 млн теңгеден астам қаржыға:

  • Өскемен қаласындағы элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер,

  • BMW X6M және Subaru Forester автокөліктері,

  • сондай-ақ жер учаскелері сатып алынған.

Қаржылық мониторинг агенттігі істің тергеліп жатқанын растады. Күдіктілерге қарсы «Сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе ысырап ету» бабы бойынша іс қозғалған.

Тегтер: Өскемен
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз