Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:55, 11 Маусым 2024

Шойгу: Ресейдің ядролық жаттығулары Батыстың әрекетіне реакция

Шойгу
Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев

Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Ресей-Беларусь стратегиялық емес ядролық жаттығулары Батыстың Украинаға қолдау көрсетуіне Ресейдің реакциясы деп мәлімдеді.

«Біздің жаттығуларымыз Батыстың Киевтегі лаңкестік режимді қолдауына, НАТО әскерлерінің Украинадағы соғыс қимылдарына белсенді қатысуына және Киевтің ресейлік азаматтық нысандарға зымырандық шабуылдар жасауға нақты рұқсат беруіне барабар жауап екенін еске саламын», - деді Шойгу «Российская газета» басылымына.

Сонымен қатар, ол оқу-жаттығулар өткізу арқылы Ресей шекарасына жақын орналасқан НАТО елдерінің әскери күшеюіне жауап бергенін айтқан.

Айта кетейік, 11 маусым күні Ресейде стратегиялық емес ядролық күштерді пайдалану бойынша оқу-жаттығулардың екінші кезеңі басталған болатын.