Аймақ

ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінеді?

Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды.

ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінеді?

Жоспар бойынша құрылатын Абай облысы аумағы — 185,5 мың шаршы шақырым. Облыс халқының саны — 638 мың адам.

Абай өңіріне облыстық маңызы бар екі қала — Семей және Курчатов қалалары, сондай-ақ сегіз аудан: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті және Ақсуат аудандары кіреді.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы аумағы — 97,8 мың шаршы шақырым, ал халық саны — 717 мың адам.

Шығыс Қазақстан облысына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынған болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз